Алматыдағы колледжде мұғалім студенттің басына нысана көздеп оқ атқан

Көркем Алдабергенова 11 ақп. 2026 09:07

Алматыдағы колледждердің бірінде оқытушы студенттің басына бағыттап оқ атқан сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақпаратқа сәйкес, жағдай Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде алғашқы әскери дайындық сабағы кезінде болған.

Оқу орнының басшылығы бұл деректі растады және ресми түсініктеме берді.

Колледж өкілдерінің мәлімдеуінше, аталған жайт оқу процесіне тікелей қатысы жоқ жағдайда болған. Оқытушы студенттермен бейресми байланыс барысында штаттық оқ-дәріні қолданбай, пневматикалық қаруға жұмсақ материал (мақта) салып атқан. Соның салдарынан ешкім зардап шекпегені айтылды.

Сондай-ақ колледж әкімшілігі бұл әрекет оқу әдістемесіне де, тәртіптік жазаға да жатпайтынын атап өтті. Дегенмен, педагогикалық әдеп нормалары мен қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылғанын мойындады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove