Алматыдағы жер сілкінісі: жедел желі іске қосылды, полиция күшейтілген режімге көшті

Dalanews 22 қаң. 2024 19:58 861

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы бойынша жедел желі қызметі іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жедел желінің нөмірлері: 8 727 278 20 83, 8 727 278 20 84.


Сонымен бірге, Алматы полициясы қаладағы тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Патрульдік полицияның саны ұлғайтылып, учаскелік инспекторларының тұрғын үйлерді аралауы ұйымдастырылды.

«Көлік өткізуді қамтамасыз ету және кептелістерді болдырмау мақсатында патрульдік полиция инспекторлары қолмен реттеуге көшті.Сонымен қатар, Алматы полициясы азаматтарды үйлерінің есігін жабуға шақырады»,- деп хабарлады департаменттен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар