Freedom Inside '26

Алматыдағы дүкенде соғысты насихаттайтын балалар оқулығы сатылып жатқаны белгілі болды

Алматыдағы дүкенде соғысты насихаттайтын балалар оқулығы сатылып жатқаны белгілі болды

Алматыда “Детский мир” дүкендер желісінің филиалында соғыс тақырыбын насихаттайтын ресейлік “Беседы о войне” балалар оқулығы ашық сатылып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Журналист Асқарбек Қазанғап өз мәлімдемесінде оқулық мазмұнына байланысты алаңдаушылығын білдіріп, Оқу-ағарту министрлігін дереу әрекет етуге шақырды.

“Ел болам десең, бесігіңді түзе дейді. Ал тілді түзеу үшін алдымен оқулықтағы олқылықтарды жою қажет”, – деді Қазанғап.