Алматыда заңсыз салынған ірі бизнес-орталыққа сот үкімі шықты

Қаракөз Амантай 13 там. 2024 15:11 2213

Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Мұратбаев көшесі, 63 мекенжайында орналасқан Parasat бизнес-орталығының үшінші қабаты мен мансардалық қабаты заңсыз салынған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін "Parasat Samex Co LTD" ЖШС иесіне жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында ҚР ӘҚБтК 316-бабының 1-бөлігі және 321-бабы бойынша шара қабылданып, үшінші қабат пен мансарданы бұзу туралы бұйрық берілген. Алайда меншік иесі бұл талаптарды орындамағандықтан, материалдар сотқа жіберілді.

2023 жылғы 24 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен басқарманың бұйрықты мәжбүрлі түрде орындау туралы талап-арызы қанағаттандырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар