Freedom Inside '26

Алматыда ресейлік азамат ұсталды

Алматыда ресейлік азамат ұсталды
gov.kz

Алматыда ресейлік азамат ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыда Бәйтереков көшесіндегі пәтерде жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Ресей Федерациясының 18 жастағы азаматы ұсталды.

Одан Sim-Box, қазақстандық ұялы байланыс операторларының 300-ден аса сим-картасы және басқа да жабдықтар тәркіленген.

"Sim-Box жабдығы қылмыстық мақсатта телефон қоңырауларын шалу, абоненттік нөмірлерді ауыстыру үшін кеңінен қолданылады. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", - деп жазылған хабарламада.

Биыл осыған ұқсас 7 іс сотқа жолданса, оның төртеуі бойынша үкім шығарылған.