Алматыда қоғамдық көліктердегі тариф мәзірі қашан жұмыс істейді?

Dalanews 29 там. 2023 10:20 714

Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев қоғамдық көліктердегі тариф мәзірі қалай жұмыс істейтінін айтып, тегін аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алмалы ауданының тұрғыны әкіммен кездесуде жаңа тарифтік мәзір туралы сұрады. «Таяуда Президентпен кездесуіңізде «Оңай» іске қосылғаннан бері алматылықтарға тегін аударым жасауға мүмкіндік алып, тарифтік мәзір енгізілетінін айттыңыз. Осы тарифтік мәзір қалай жұмыс істейтінін және тасымалдаушыларға берілетін субсидиялар қаншалықты өсетінін, әкімдік бұл үшін ақшаны қайдан алмақ, нені үнемдейді, толығырақ айтып беріңізші?» – деп сұрады қала тұрғыны.

– Әзірше субсидиялар туралы әңгіме жоқ. Өздеріңіз білетіндей, мәслихатта тарифті көтеру, яғни нарықтық негізге көшу туралы ұсынысымызды қолдады. Керісінше, біздің міндетіміз – бүгінгі таңда тасымалдаушыларға бөлінетін субсидияларды жыл санап қысқарту. Айдың соңында жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражатты күтіп отырмай, тәуелсіздікке қол жеткізудің маңызы зор, – деп жауап берді әкім.


Бұдан басқа әкім қазір Алматы қаласының бас жоспары мен көліктік құрылымы мен тарифтік мәзір мәселелері әзірленіп жатқанын алға тартты.

– Жыл соңына дейін біз тарифтік мәзірдің формасын қабылдаймыз, егер олар жол жүру картасын алса, оған сәйкес тегін тарифтік аударымдар да кіруі тиіс. Қазір әкімдік көлік холдингімен олардың жұмысының қорытындысы мен талдауына сүйеніп, осы мәселені пысықтап жатыр. Менің ойымша, қазан айының соңында біз тарифтік мәзірді ұсынып, қала тұрғындарының пікірін сұрап, одан әрі бекітетін боламыз, – деді әкім.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар