Алматыда Қоғамдық кеңестің комиссиясы 240 ұсыныс жасап, 70-тен астам арыз-шағымды қарады

Ақтоты Жапатова 05 мам. 2025 13:52 243

Қоғамдық кеңестің комиссиясы 24 отырыс өткізіп, онда аудан әкімдігі, қала басқармасы, полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің есебі тыңдалған. Соның нәтижесінде алматылықтардың өмір сапасын, қаланың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған 240 ұсыныс жасалды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Комиссия мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында байланыс орнататын тиімді алаң екенін дәлелдеп отыр. Алматыдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен  жүйелі түрде жұмыс істеуге көп көңіл бөлінген. ТКҚ, көлік пен экология саласындағы жемқорлықты жоюды көздейтін іс-шаралардың жоспары жасалған. Соның бірі – ұсыныстың орындалу барысын қадағалап, оқытып, цифрлық шешімдерді өндіріске енгізу.

Комиссия мүшелері мемлекеттік органдарының ашық болғанын, есеп беріп отырғанын қалаймыз. Цифрлы құралдар, карта жасап,  арыз-өтінішке арнап QR-кодтар  енгізілді. Халық осының арқасында ақпаратты тікесінен алып, қоғамдық бақылау да күшейеді.

Комиссия тұрғындармен, эксперттермен,  комплаенс-офицерлермен, ұйымдармен жұмыс істеуге көңіл бөліп отыр. 200-ден астам іс-шара өтіп, тұрғындар мен әртүрлі ұйымдардың 70 арыз-шағымы қаралған. Оның 52-сі шешімін тауып, қалғанына түсініктеме берілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар