Алматыда қауіпті жүргізу дауы күшейді, бұрын аталған есімдер қайта еске түсті

Самал Асқар 26 нау. 2026 21:24

Алматыда жолдағы қауіпті жүргізу мен жылдамдықты асыру мәселесі қоғамда қайта қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды DalaNews.

Соңғы оқиғалардан кейін қала көшелерінде бірнеше көліктің қатар қозғалып, жоғары жылдамдықпен маневр жасауы туралы ақпараттар тарады. Бұл жағдайлар кездейсоқ па әлде жүйелі сипатқа ие ме деген сұрақ туындатты.

Осы аяда әлеуметтік желілерде екі жыл бұрын түсірілген видео қайта тарала бастады. Онда жол ережесін бұзған жүргізушіден полиция қызметкері кім рұқсат бергенін сұрағанда, ол Узабаевтың есімін атаған. Кейін белгілі болғандай, жүргізуші ол кезде көлікті жүргізу куәлігінсіз басқарған.

Бұл видео қазіргі жағдаймен тікелей байланысты болмаса да, ұқсас контекст қоғамда түрлі пікір қалыптастырды.

Сонымен қатар бұған дейін Алматыда қымбат Lexus көлігіне қатысты да дау туындағаны белгілі. Кейбір ақпарат көздері бұл көлік жоғары лауазымды тұлғалардың атымен байланыстырылғанын жазған, алайда ресми түрде бұл мәліметтер жоққа шығарылған.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайлардың жиі қайталануы құқық қорғау жүйесіне деген сенімге әсер етеді. Әсіресе, жолдағы тәртіп пен бақылау мәселесі қоғам үшін өзекті болып отыр.

Қазіргі таңда бұл мәселелер бойынша нақты қорытынды жасалған жоқ. Дегенмен қоғамда негізгі сұрақ ашық күйінде қалып отыр, қала көшелеріндегі қауіпті жүргізудің артында жай ғана тәртіп бұзу ма әлде тереңірек проблема бар ма.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove