Алматыда қара түтін жұртты шошытты

Сағыныш Сардарова 14 қар. 2025 10:03

Алматыда Саяхат маңындағы қара түтін қала тұрғындарын шошытты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қалалық ТЖД мәліметінше, 09:06-да ТЖД күштері мен техникасы Жетісу ауданы Сүйінбай даңғылына тез тамақтану дүңгіршегі өртеніп жатқаны туралы хабарға шыққан. Оқиға орнына 3 техника және 18 қызметкер барған.

"Жеткен кезде 10 шаршы метр аумақтағы тез тамақтану дүңгіршегі жанып жатқаны анықталды. Өрт 09:17-де ауыздықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ТЖД өкілдері.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар