Алматы қаласының күні қарсаңында жаңа спорт нысанының ашылуы өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Күздің сары ала әсем шағында жыл сайын Алматыда Қалакүні мерекесі өтеді. Бұл игі іс-шара аясында алып шаһардасан түрлі айшықты әрі көптен күткен жобалардың тұсауыкесіледі. 15 қыркүйекте ел игілігіне берілген су жаңа GorillaUnder Bridge спорт алаңының салтанатты түрде ашылуысоның бір парасы. Нысанның басты ерекшелегі, баскетбол алаңы мен скейтпаркті тоғыстыруында. Айта кететін нәрсе, бұл Алматыдағы спорттық демалыс пен ойын-сауықәуесқойларына арналған алғашқы жоба.
"Gorilla Energy командасы Қазақстан мен шетелде белсендіөмір салтын дамыту мен насихаттауды мақсат тұтады. Жылсайын біз Орталық Азия елдерінен, Еуропадан және ТМД-дан ең үздік спортшылар мен райдерлердің басын қосатынтүрлі жарыс өткіземіз. Спортқа, белсенді демалыс пен өмірсалтына қызығатын жастар үшін осындай спорт алаңдарынқаланың барлық ауданына ашуды бұрыннан ойлапжүргенбіз" – деді Gorilla Energy компаниясының бас директоры Дмитрий Яковцев.
Алаңның ашылу құрметіне орай 3х3 баскетбол және BMX, скейтбординг, самокатинг (scoot) сияқты экстремалды спорт түрлерінен жарыс өтті. Сайысқа Қазақстан мен ОрталықАзия елдерінен 40-тан астам баскетбол командасы және 50-ден астам райдер қатысты. BMX, скейтбординг жәнесамокатингке тігілген жалпы жүлде қоры 1 500 000 теңге.
Төле би және Орманов көшелерінің қиылысындаорналасқан жаңа алаң Медеу ауданының әкімдігініңқолдауымен ашылды. Бұл спортпен шұғылдануға, белсендідемалысқа арналған заманауи орын жасауға мүмкіндікберді. Тек тұрғындарда спортпен шұғылдануға, денсаулығын нығайтуға ниеті болса жеткілікті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл игі істің бастамасығана, алдағы уақытта Қазақстанның түкпір-түкпіріненосындай алаңдар салу жоспарда.