Алматыда пойызда 50-ден аса адам газға уланып қалған

Сағыныш Сардарова 11 жел. 2025 18:13

Алматыда пойызда 50-ден аса адам газға уланып қалған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша вагонда 52 адам газдан уланып қалған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Оқиға орнына бірден 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар. Барлығы қалалық ауруханалардың қабылдау бөлімдеріне жеткізіліп, тексерістен өткен.

Тексеріс нәтижесінде 10 бала ауруханаға жатқызылды: екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары басқа бөлімшелерде ем қабылдап жатыр.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ ақпаратына сүйенсек, бұл пойыз құрамы жеке меншік тасымалдаушыға тиесілі, ал вагондар киностудияға түсірілім жүргізу үшін уақытша берілген.

Сонымен қатар, полиция бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар