Алматыда полиция журналист Асхат Ниязовты бөлімшеге алып кетті

Көркем Алдабергенова 12 қыр. 2024 14:28 1603

Алматыда полиция журналист Асхат Ниязовты бөлімшеге алып кетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Журналистің ұсталғаны туралы видео әлеуметтік желіде тараған болатын. 

Алматының полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 

"Алматы қалалық полиция департаменті, күдікті адамдардың мемлекеттік қорғауға алынған нысанды түсіріп жатқаны туралы хабарлама келіп түскенін хабарлайды.

Жеке басын және істің мән-жайын анықтау үшін азаматтар Бостандық аудандық полиция басқармасына шақырылды. Мән-жай анықталған соң олар босатылды", - делінген хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар