Алматыда метро жолаушыларын рельске түсіп кетуден қорғайтын темірге 14 млн бөлінгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Алматы әкімдігі метро жолаушыларын вагондардың арасына түсіп қалудан сақтайтын металл тіректерді орнатуға 14 миллион теңге бөлді. Алайда, фотодан көріп тұрғандай, ақша босқа кеткен", делінген телеграм арнаның бірінде.
Метроның баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке берген жауабында металл қалқалар вагондар арасындағы кеңістікті қоршауға арналған және бюджет қаражатын пайдаланбай, метроның пайдалану шығындары есебінен орнатылатынын айтқан. Алайда метро директоры нақты соманы айтпады.
«Бұл тұрақты платформа есіктері (screen doors) орнатылғанша жолаушылар қауіпсіздігіне бағытталған уақытша шешім», - делінген метро хабарламасында.
Еске салайық, былтыр 17 желтоқсанда алматылық тұрғын метро рельсіне түсіп кетіп, қайтыс болды.
Оқиға "Абай" метро бекетінде болған. Куәгерлердің сөзінше, тұрғын рельске құлап кеткен. Жолаушылар вагонда итеруге тырысқан. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем бірден келген.
Бұл оқиғаға қатысты Алматының полиция департаменті түсініктеме берді.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға салдарынан 26 жастағы зағип жігіт көз жұмды.