Алматыда метро желісі кеңейтіледі

Көркем Алдабергенова 24 жел. 2025 15:35

Алматыда метроның жаңа желілерін салу жоспарланып отыр. Жоба аясында қала аумағын ғана емес, маңайдағы елді мекендерді де қамтитын ірі сақиналы желі қарастырылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жақын уақытта Қалқаман станциясы мен одан әрі Барлық бағытына дейінгі тағы үш станцияны іске қосу көзделіп отыр.

Сонымен қатар, болашақта Алатау қаласымен байланыстыратын жеке метро желісі салынады. Бұл облыс аумағында тұратын тұрғындарға қоғамдық көлікке ыңғайлы түрде ауысып мінуге мүмкіндік береді.

Жолаушылар ағынын теңгеру және қаланың полицентрлерін өзара байланыстыру мақсатында Қазақфильм бағытына қарай тағы бір тармақ салу жоспарланған.

Бұдан бөлек, әуежай аумағында жеке метро станциясы бой көтереді. Бұл әуе айлағы мен қала арасындағы қатынасты едәуір жеңілдетпек.

Жобаны іске асыру мерзімдері мен нақты бағыттары алдағы уақытта нақтыланады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар