Алматыда мемлекеттік органдарға берілмек болған Lamborghini көлігі аукционға қайта шығарылды

Қаракөз Амантай 19 ақп. 2026 15:18

Алматыда бұрын мемлекеттік органдарға берілмек болған Lamborghini сатылымға қайта шығарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Nege.Aqsha телеграм арнасының мәліметінше, Алматы қалалық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті аукцион жариялап, ашық жасыл түсті Lamborghini Huracan көлігін сатылымға қойды. Бастапқы бағасы 343,3 млн теңге деп белгіленген.

Аукцион бағаны төмендету тәсілімен өтеді. Алдымен көлік жоғары бағамен ұсынылады, ал сатып алушы табылмаса, құны кезең-кезеңімен арзандай береді. Сатып алуға бірінші болып келісім берген адам көлікті сол кездегі бағамен алады. Ең төменгі шегі - 57,2 млн теңге.

Айта кетейік, бұған дейін аталған суперкарды мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына беру жоспарланған еді. Енді көлік ашық нарықта сатылмақ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove