Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде белгіленген шектеулерді бұзу статистикасы айтылды. Биыл әкімшілік соттарға құқық бұзушыларға қатысты 74 іс жолданған. Оның 37-сі бойынша қызметтерін тоқтату туралы шешім қабылданды. Еске салсақ, мегаполисте волонтерлер көмектесетін 40 мониторингтік топ жұмыс істейді.
Алматының СЭБД ақпараты бойынша қалада 1 қаңтар – 22 мамыр аралығында 22 мыңнан астам нысан тексерілген, оларда 2 148 бұзушылық анықталды.
Биылдың өзінде 4310 хаттама толтырып, мөлшері заңды тұлғаларға салынған айыппұлдардың мөлшері 133 997 730 теңгені құраған. Ал жекелеген тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 172 350 945 теңге сомасына 3930 хаттама толтырылған.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі және 425-бабының 1-бөлігі бойынша 74 материал берілді.
Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық ведомствосында қызметтері сот арқылы тоқтатылған карантинді әдейі бұзушылардың тізімі жасалды:
Алатау ауданы
- «Шамо» ЖШС бильярд клубы
- «Жақсылық» дәмханасы, Ашимбаева Г ЖК.
- «Эгоист» компьютерлік клубы, Эгоист ЖШС
Әуезов ауданы
- «Москва» бильярд клубы, «Moscow Group» ЖШС
- «Upgrade» компьютерлік клубы, Таштахметов АЖК
- «ESCAPARATE» дүкені, БЕРДАЛИЕВА А.Е ЖК
- «СМАТ» бильярд клубы, СМАТ ЖК
Алмалы ауданы
- «Fizika» түнгі клубы, «Soundtrack» ЖК
- «Finik» мейрамханасы «ЧайLa» ЖШС
- «Boohouse» дәмханасы, «ALDJUA» ЖК
- «Пират» дәмханасы, «Асем» Ахметова А.Б. ЖК
Бостандық ауданы
- «Queer» түнгі клубы, «Alfa International Construction and Trade Company» ЖШС-жалға беруші.
- «Мята» лаундж бары, ФЛ Хен Г.Г.
- «Министры» караоке клубы, «Самат» Кульбаев С.Р. ЖК
- «Nino» мейрамханасы, «Рақым» ЖК.
Жетісу ауданы
- Лото клуб, «ГринККМ» ЖШС
- Компютерлік клуб, Ж/Т Ниязов Ж.А
- «Game club» ойын клубы, Арзамбеков А.Е ЖК
Медеу ауданы
- «Lоtо» клубы, «Виктория» ЖК, Рыбалова О.Ю
- Компьютерлік клуб, «Orda game center» ЖШС
- «Пугасов» мейрамханасы, «Пугасов» ЖШС
- «Бармаглот» бары, «EC Restaurants» ЖШС
- «Hookan Dreems» кафе бары, «Suddenly» ЖШС
- «Манана» мейрамханасы, «Дамели Групп» ЖШС
- «Rush7gill pub» бильярд клубы, «Әсел» ЖШС
- «Loto» клубы, «Карина» ЖК
- «Мята» бары, «Lounge group» ЖШС
- «AVANGARD» ойын клубы, «Авакадо» ЖК
- «Avangard» ойын клубы, «Авакадо» ЖК
- «Небо» бары, «Мэйн Ивентс Казахстан» ЖШС
- «Bаchа» бары, Зияева Ф.Г. ЖК
Наурызбай ауданы
- «Премьера» дәмхана, Аллахвердиев Рамиз И.О. ЖК
- «Тау Жолы» дәмханасы, «Жарык Трейд» ЖШС
- «Baq sarai» мейрамханасы (банкет залы), Baq sarai ЖК
Түрксіб ауданы
- «Erbil» мейрамхана – қонақ үй кешені, «МАМЕДОВА З.Ф.» ЖК
- «БекАр» ойын клубы Ж/Т Орашбеков Б.К.
- «ВAZA» ойын клубы, Ж/Т Қалиева А.Б.
Келесі мекемелерге қатысты ірі айыппұлдар түрінде әкімшілік жазалар шығарды:
- «Центр Шашлыка» дәмханасы, Мадатов Р. ЖК 161 АЕК айыппұл салынды (қызметі тоқтатылмады);
- «Sunset» мейрамханасы «Мастер Фуд Казахстан» ЖШС 200 АЕК айыппұл салынды (қызметі тоқтатылмады);
- Спорттық батут паркі, «Канго» (Канго) ЖШС-не 100 АЕК айыппұл салынды (қызметтерін тоқтатпайды);
- «Талави» мейрамханасы, Геслаидзе Е.О.ЖК-ге 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды (қызметі тоқтатмайды);
- «Алатау» СОСО-на, «Айзер» ЖШС-не 200 АЕК айыппұл салынды (қызметтерін тоқтатпайды).