Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда орын алған үлкен дүмпу кезінде қай жоғары оқу орындарына зақым келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Айтуынша, бұл қатардан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті төбе көрсеткен. Сонымен қатар бірнеше жатақхана ғимараттарында жарықтар пайда болған.
"Сейсмикалық төзімділік бойынша қала құрылысы бөлімдерінен арнайы мамандарды шақырып, сараптама жүргіздік. Тірек құрылымдарына зақым келген жоқ. Жарықтар бар, бірақ бұл қауіп тудырады деп айта алмаймыз. Барлық студент дереу шығарылды. Бірнеше пункіде өтетін ҰБТ тоқтатылды. Біз барлық сабақты тоқтаттық", - деді министр мәжіліс кулуарында.
Еске салайық, ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 4 наурызда Алматы уақытымен 11.22-де (2024 жылғы 04 Наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелген болатын.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.2. MPV магнитудасы - 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° С. Е. 76.96° ш. б. Тереңдігі - 10 шақырым. Алматы қаласында 5 балл болып сезілді.