Алматыда жер сілкінісіне байланысты сабақтар болмайды

Көркем Алдабергенова 04 нау. 2024 12:24 1364

Алматыда жер сілкінісіне байланысты сабақтар болмайды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін Алматыда 5 балл жер сілкінісі болды. Осыған байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды. 

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, мектептер мен балабақшалар жабылмаған. 

"Мектептер мен балабақшалар жабылмады. Ата-аналар қаласа, балаларын үйлеріне алып кете алады. Мектептер - азаматтарды қабылдау пункті, сондықтан ата-аналар жұмыста болса, балалар мектепте қала алады", - дейді ведомство өкілі. 

Ал ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері жоғарғы оқу орындарында студенттер үйлеріне және жатақханаларына жіберілгенін айтты. 

"Зардап шеккен студенттер жоқ, олар эвакуацияланды. Бүгінгі сабақтар болмайтын болды. Қазір министр Саясат Нұрбектің тапсырмасымен жатақханаларға кезекшілер қойылды. Кезекшілер студенттерге жылы киім, су, тағам керек болған жағдайда толық бақылауға алады, қажет заттармен қамтамасыз етеді", - деді олар. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар