Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Ақтоты Жапатова 23 мау. 2025 17:30

Алматыда BRT (Bus Rapid Transit — автобус жолағы) жобасын жүзеге асыру аясында Желтоқсан көшесінде құрылыс-монтаж жұмысының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Осыған байланысты 24 маусым күні сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін Шевченко көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс уақытша жабылады. Бұл аумақты Абылай хан даңғылы мен Наурызбай батыр көшесі арқылы айналып өтуге болады.

Жөндеу жұмысы жүргізілетін учаскеге ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Қала әкімдігі бағытты алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Сонымен қатар көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы толық ақпаратты @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілері мен 2GIS, «Яндекс картасынан» көруге болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар