Алматыда жартылай марафонға байланысты көшелер жабылады

Самал Асқар 16 сәу. 2026 16:03

Almaty Half Marathon 2026 өткізілуіне байланысты қалада бірқатар көшелерде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Dala News.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа 44 елден 10 мыңнан астам адам қатысады.

Ірі спорттық шараға байланысты түнгі 00:00-ден түскі 12:00-ге дейін бірнеше көшеде қозғалыс ішінара шектеледі.

Жолдардың жабылу кестесі:

00:00 – 11:00
Әл-Фараби даңғылы Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейін
Оңтүстік жағы ашық болады.

06:45 – 09:45
Әл-Фараби даңғылы Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін
Оңтүстік жағы ашық.

07:10 – 09:05
Сейфуллин даңғылы Әл-Фарабиден Абай даңғылына дейін
Қозғалыс толық жабылады.

07:20 – 09:15
Абай даңғылы Сейфуллиннен Байтұрсынов көшесіне дейін
Солтүстік жағы ашық.

08:30 – 10:20
Саин көшесі Әл-Фарабиден Абайға дейін
Батыс жағы ашық.

08:50 – 11:15
Абай даңғылы Саиннан Байтұрсыновқа дейін
Солтүстік жағы ашық.

Қала тұрғындары мен қонақтарына маршруттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove