Кездесу барысында балаларды тегін спорт секцияларымен қамтамасыз ету үшін жан басына шаққандағы қаржыландыруды жүзеге асыру талаптары мен құралдары талқыланды.
Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт секцияларын қолжетімді жерде қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу бойынша жұмыс жүргізді.
Басшының мәліметінше, ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап Алматыда жан басына шаққандағы қаржыландыру сомасы көбейіп, 1,5 млрд. теңгені құрайды (балалардың жалпы қамтылуы жыл соңына қарай 40 мыңға жуық баланы немесе жалпы санның 10% - ын құрайды).
Алматыда бүгінгі күні жеткізушілерден 797 өтінім келіп түсіп, 222 өтінім мақұлданды, 24 мың 000 өтініш берушіге ваучерлер берілді, ал спорттың 26 түрі бойынша 18 мың 630 бала сабаққа кірісті.
Ең көп сұранысқа ие секциялар - футбол, таеквондо, каратэ, суда жүзу, дзюдо. Танымал республикалық электронды платформа ARTSPORT.EDU.KZ 1 мамырдан бастап жұмыс істейді. Өңірлер бөлінісінде Алматы бөлінген қаражат бойынша бірінші орынды иеленген.