Аудан әкімдігінің айтуынша, жоба жылына 40 мың тоннаға жуық қайталама шикізат – макулатураны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл экологияға пайдалы және гофрокартон өндіру кезінде жергілікті үлесті арттырады. Өндіріс қуаты жылына шамамен 2,3 мың тонна өнімді құрайды.
Мұнда 140 адам қызмет істейді. Сондай-ақ, жаңа өндірістік желіні іске қосу үшін 30 жаңа жұмыс орны ашылады. Инвестиция сомасы 1,5 млрд теңгені құрайды.
Нұр-Сұлтан қаласының мерекесіне орай Алматы қаласы Әуезов ауданының «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығында ұлттық стильде қолөнер бұйымдарын тігу бойынша тігін цехының салтанатты ашылуы өтті. Онда 7 адам жұмыс істейді. Олар қазақтың дәстүрлі көрпелері мен жастықтарын, сондай-ақ ұлттық нақыштағы басқа да бұйымдарды жасайды.
Цехтың жалпы ауданы 180 шаршы метр. Онда 3 тігін машинасы мен басқа да қажетті жабдықтар мен шығын материалдары бар.
Жобаның мақсаты – қазақтың көне құндылықтарын қолдау, ұлттық өнер мен қолөнер мұрасын сақтау, қазақ халқының бұрынғы келбетін табиғи қалпына келтіру және сәндік-қолданбалы қолөнер мәдениетін дамыту. Атап айтқанда, «Ару-ай» цехында қазақтың дәстүрлі келіндері «қыз жасауы» үшін киімдер, көрпелер мен жастықтар тігеді.
Ауданның көпбалалы әйелдерін жұмыспен қамтамасыз етіп, дәстүрлі қазақ стиліндегі заттарға деген сұранысты арттырады. Цехтың ашылуы өскелең ұрпақтың дәстүрлі рухани мәдениетін, ұлттық ойлау, іскерлік пен кәсіби ерекшеліктерін нығайтуға бағытталған.