Алматыда ең ұзын лағман дайындалып, жаңа рекорд орнатылады

Ақтоты Жапатова 30 сәу. 2025 12:15 186

1 мамыр — Халықтар достығы күніне орай Алматының көп ұлтты аудандарының бірі – Жетісу ауданында ерекше шара өтеді. Ұлттық тағамдарды насихаттап, ұлттар арасындағы бірлікті нығайту мақсатында «Қазақстанның ең ұзын лағманы» әзірленіп, жаңа Қазақстан рекорды тіркелмек,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Шараға Жетісу ауданының тұрғындары, түрлі этнос өкілдері белсене қатысады. Бұл бастама халқымыздың ұлттық құндылықтары мен көпэтносты қоғамның татулығын дәріптеуді көздейді. Лағман – әртүрлі ұлт өкілдері сүйіп жейтін тағам, сондықтан бұл рекорд ортақ мәдени мұраның белгісі болмақ.

Іс-шараны Жетісу ауданы этно-мәдени орталықтары ұйымдастырып отыр. Рекорд Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері қатысуымен ресми түрде тіркеледі.

Өту орны: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ шағынауданы, №179 спорттық-сауықтыру кешені (ФОК «Айнабұлақ»).

Басталуы: 2025 жылғы 1 мамыр, сағат 12:00.

Алматы әкімдігі БАҚ өкілдерін, қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше шараға қатысып, жаңа рекордтың куәсі болуға шақырады!

Байланыс үшін: +77019962022 Сенкебаев Руслан Исабекович.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар