Алматыда әлеуметтік желіде тараған даулы мәлімдемеден кейін діни тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Dala News.
Полиция мәліметінше, Ахмет Құрбанали сұхбат барысында «әйелін шәкіртіне беру» туралы айтқан, бұл қоғамда резонанс тудырған.
Құқық қорғау органдары оның сөздері заңнамаға қайшы және қоғамдық сана мен конфессияаралық келісімге кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.
Нәтижесінде ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша айыппұлға тартылды. Сонымен қатар оның ресми діни қызметкер емес екені анықталған.
Сондай-ақ сұхбат алған тұлға да жауапкершілікке тартылды. Полиция заңсыз контент үшін оны жасаушылар ғана емес, таратушылар да жауап беретінін еске салды.
