Даңқты мәнерлеп сырғанаушының есімі қаладағы аты жоқ көшелердің біріне берілетін болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кеше Алматы мәслихатының ХХХIV сессиясы өтті. Депутаттар 156 аты жоқ көшеге атау беруді мақұлдады. Оның ішінде 22 көше соғыс ардагерлерінің, тағы 15 көше белгілі тұлғалардың есімімен аталатын болды. Тізімге олимпиада жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен, академик Әбдуәли Қайдар, археолог Карл Байпақов және басқа да азаматтар енген.
Сонымен қатар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аурулар мен дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілді. Сондай-ақ, қыста жолдарды күтіп-ұстауды жақсарту үшін қаланы абаттандыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.
2018 жылғы 19 шілдеде мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді қатыгездікпен өлтіріп кетті. Қылмыс Алматының қақ ортасында, күндізгі уақытта болған: екі ер адам оның көлігінің айналарын ұрламақ болған, жанжал кезінде олардың бірі спортшыға пышақ салып, ол алған жарақатынан қайтыс болды.