Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілханов форумға қатысушылар үшін құттықтау сөз сөйледі.
Интернет медиа және PR саласындағы мамандар, өз қызметін блогтарда белсенді жариялайтын мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері бастаушы блогерлер үшін «БЛОГ: оны неге белсенді жүргізу керек?» , «ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМ: өзара әрекеттесу тенденциялары», «БАСТАУШЫ БЛОГЕР: позициялау», «МОБИЛОГРАФИЯ: креативті визуалды контент құру бойынша үздік 10 ұсыныс» сынды тақырыптар аясында қатысушылар өздерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жылжыту дағдыларын ортаға салып, жұмыс тәсілдерімен бөлісті.
Блогинг, маркетинг, SMM, мақсат қою, трендтік REELS құру, саяси шолулар саласындағы практикалық құралдар.
Алаң өз тәжірибесі мен білімін жастарға жеткізгісі келетін тәжірибелі мамандарды біріктірді.
Форум соңында барлық қатысушыларға тренингтерден өткенін растайтын сертификаттар табысталды. Форумды Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының, сондай-ақ Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қолдауымен «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері ұйымдастырды.