Жол полициясының автокөлік бригадалары көлік көп жүретін жерлерде сынақ жасап көріп жүр. Әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар борышкерлерді автоматты түрде анықтайтын жол қауіпсіздігін реттейтін автоматты сәйкестендіру жүйесі ("БДД" АИС) мен "Сергек" АБК да қолданылады.
• Егер жүйе қозғалыстағы көліктің жол ережесін бұзғанын анықтаса, инспектор көлікті тоқтатады және тоқтату себебін түсіндіреді.
• Әрі қарай, құқық бұзушының көлігі айып тұрағына қойылады.
• ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес көлікті айып тұрағына қою бойынша хаттама толтырылады.
• Тәркіленген автокөліктің иесі айыппұлды толығымен өтеген соң ғана мүлкі қайтарылады.
Сондай-ақ, бұл шараға Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының сот орындаушылары мен Алматы қаласы прокуратурасының қызметкерлері қатысады.