Алматыда автобус жүргізушісі электросамокат мінген екі қызды қағып кетті

Қаракөз Амантай 04 қыр. 2025 11:17

Алматы қаласында автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде электросамокат мінген екі қызды қағып кетті. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйек, сәрсенбі күні сағат 12:30 шамасында Алмалы ауданында болған.

"Foton маркалы автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Уәлиханов көшесімен солтүстікке қарай электросамокатта келе жатқан екі қызды жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткен", – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

2008 жылы туған қыздар түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол апатының барлық себебін анықтап жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар