Алматыда әуе кеңістігі жабылғаны рас па?

Көркем Алдабергенова 12 қаң. 2026 12:19

Алматы халықаралық әуежайы әуе кеңістігінің жабылғаны жөніндегі ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қалада әскери әрекеттерге байланысты рейстер тоқтатылды деген хабарламалар тараған еді.

Әуежай бұл мәліметті жоққа шығарды. Әуе айлағы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

«Алматының әуе кеңістігі жабылған жоқ. Әскери жағдай немесе қандай да бір әскери әрекеттер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қалған барлық сұрақтар бойынша тиісті уәкілетті органдарға жүгінулеріңізді сұраймыз», – делінген әуежай хабарламасында.

Онлайн-таблоға сәйкес, қазіргі уақытта келу және ұшу бағыттары бойынша бірнеше рейс кешігіп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove