Freedom Inside '26

Алматыда әскери қызметкер өзіне қол жұмсады

Алматыда әскери қызметкер өзіне қол жұмсады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматының Түрксіб ауданындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағынан 44 жастағы сержанттың денесі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Ақпаратты ішкі істер министрлігі растады. Тергеу амалы өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша басталған.

“Аталған факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК бірінші бөлігінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады”, - деп хабарлады ІІМ.

Ал әлемжеліде тараған ақпараттарға сүйенсек, 3-санаттағы сержант шені бар әскери қызметкер Құрлық әскерінің әскери институты аумағында белтемірге асылып қалған.