Алматыда арнайы ХҚКО басшысының орынбасары алаяқтық дерегі бойынша күдікті

Сағыныш Сардарова 31 мам. 2024 12:24 2329

Алматыда арнайы ХҚКО басшысының орынбасары алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.

"Ол құжаттарды кедергісіз қабылдау және жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектеп курсанттарын емтихан тапсыруға жіберу сылтауымен жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге сомасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденді деген күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар