2025 жылы 3 маусым мен 3 шілде аралығында «Алма-Арасан» – термалды бұлақ туристік бағытын жаңарту жобасының екінші кезеңі аясында «Алма-Арасан» маңындағы автотұрақтан термалды бұлаққа дейінгі жол уақытша жабылады. Шектеу бұлақ жағынан «Қыздың көз жасы» сарқырамасы мен «Терра» алқабына баратын жолға да қатысты болады, – деп хабарлайды Dalanews.kz
Бұл шаралар келушілер үшін құрылыс-монтаж жұмыстарының қауіпсіз әрі ыңғайлы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр. Екінші кезең аясында ескі көпір құрылымдарын бұзып, жаңасына ауыстыру, жаңа соқпақтар, баспалдақ элементтері мен көріктендіру нысандары орнатылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы 12 мамырдан бастап алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілген болатын. Тау бөктері қауіпті тастан тазартылып, қорғаныш тор орнатуға арналған анкерлік құрылымдар қойылды, соқпақтар көріктендіруге дайындалды.
Жұмыс жүргізіліп жатқан кезде, жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері де жол толықтай жабық болады. Жөндеу жұмыстарын 2025 жылы 31 шілдеге (ауа райына байланысты мерзім өзгеруі мүмкін) дейін аяқтау жоспарланған.
Жобаның мақсаты – қазіргі заман талабына сай қауіпсіз, ыңғайлы және экологиялық тұрақты туристік бағыт қалыптастыру.
Алматы қаласының тұрғыны мен қонағынан «Алма-Арасан» аумағында серуендеу мен экскурсияны жоспарлау кезінде енгізілген уақытша шектеулерді ескеруді сұраймыз. Жөндеу жұмыстарының барысы туралы соңғы ақпарат ресми ақпараттық ресурстарда тұрақты түрде жарияланып отырады.