Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматы қаласы Медеу аудандық сотымен Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Р. Наинбаев және қала тұрғындары Д. Тұяшев, Г. Сәкенова сотталды.
Олар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден астам пара беруге қала тұрғындарын алаяқтық жасағаны және арандатқаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Сәкеноваға 7 жыл, Тұяшевқа – 4 жыл және Наинбаевқа - 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылады.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.