Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 наурызда кешкі уақытта болған. Mitsubishi Delica көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесімен қиылыста жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Ауыр жарақат алған әйел сол жерде қайтыс болды", - деді полиция.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін жол апаты 21 наурызда болды. Салдарынан үш адам көз жұмды.
