Алматыда 180 тонна алкоголь өнімі мен 1 млн-нан астам қорап темекі тәркіленді

Асель Қайратқызы 24 қар. 2025 15:55

Алматыда акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымына қарсы жүргізілген тексерістер нәтижесінде ірі көлемдегі алкоголь, темекі және мұнай өнімдері тәркіленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, он айдың ішінде заңсыз айналымнан:

— 180,2 мың литрден астам алкоголь өнімдері;

— 1 миллионнан астам темекі қорабы;

— 10 мың тоннадан аса мұнай өнімдері тәркіленген.

Департамент құқық бұзушылықтың басым бөлігі лицензиясыз сауда жасау, тауарға ілеспе құжаттардың болмауы және темекі өнімдерінің таңбаланбауы сияқты заң талаптарын өрескел бұзумен байланысты екенін атап өтті.

— Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы мемлекетке де, адал кәсіпкерлерге де айтарлықтай зиян келтіреді, сондай-ақ халықтың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Акциздік тауарлардың түпнұсқалығын тексеру үшін тұрғындар «e-Sapa» және «NAQTY ONIM» мобильді қосымшаларын пайдалана алады, — деп хабарлады департамент.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар