Алматы. «Тұйық су» шатқалында туристер үшін визит-орталық ашылады

Жарбол Кентұлы 12 ақп. 2025 18:15 951

Алматы қаласындағы Тұйық Су шатқалындағы жаңа орталық қонақ үй, дәмхана, дәріхана, жабдықтар дүкені және кәдесый дүкені сынды қонақтарға жайлы жағдай ұсынбақ. Сондай-ақ, экскурсиялар ұйымдастырылып, велосипед жалға беріледі, таулы маршруттарда қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша дәрістер мен нұсқаулықтар өткізіледі, -деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс Almaty Business-2025 бағдарламасы аясында қаржыландырылып, 380 млн теңгеге бағаланып отыр. Орталық жыл сайын бюджетке әкелетін салық түсімі 170 млн теңге болмақ.
Орталықтың құрылысы мен жабдықталуында экологиялық таза материалдар пайдаланылып, қалдықтарды басқару жүйесі енгізіледі. Сонымен қатар, кешен аумағының тазалығы да сақталады. Бұл жоба экотуризмді дамытуға және Алматының туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар