Алматы туризмнен 110 млрд теңгеден аса табыс тапты

Сағыныш Сардарова 09 сәу. 2026 09:29

Туризм Алматыға 110 млрд теңгеден аса табыс пен 200 млрд теңгеге жуық инвестиция әкелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылы көрсетілген туристік қызметтердің көлемі 15,2%-ға артып, 110,9 млрд теңгеге жетті. Салаға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 198,8 млрд теңге болып, 39,4%-ға өсті.

Инвестицияның басым бөлігі қалааралық жолаушылар теміржол тасымалына, өнер, ойын-сауық және демалыс саласына, жолаушыларды құрлықпен және әуе көлігімен тасымалдауға, орналастыру және тамақтандыру қызметтеріне, сондай-ақ, жеңіл көліктерді жалға беру мен лизингке бағытталған.

2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласынан түскен салық түсімі 27,2%-ға өсіп, 84 млрд теңгеге жетті. Негізгі үлесті қоғамдық тамақтану, спорт, демалыс және ойын-сауық, сондай-ақ, уақытша орналастыру қызметтері қамтамасыз етті.

"Бұл көрсеткіштер туристік сала тұрақты дамып келе жатқанын және оның Алматы экономикасына елеулі үлес қосып отырғанын көрсетеді. Бұл туризмнің қала өсімінің басым бағыттарының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдейді", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove