6 қараша күні таңертең Алматының орталық бөлігі электр жарығынсыз қалды. «Алатау Жарық Компаниясы» таратқан дерекке сай, апаттық өшіру таңғы 7:40 шамасында болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жарық Гоголь көшесі, Назарбаев даңғылы, Бөгенбай батыр көшесі және Абылай хан даңғылының маңындағы үйлерде сөнген. Компанияның мәліметінше, бұл - апаттық жағдай, себебі әлі анықталып жатыр. Электр қуатын екі сағат ішінде қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, бүгін, 6 қарашада қаладағы бірнеше аумақта жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты жарық уақытша өшірілді.
Алмалы ауданы: Жамбыл көшесінің оңтүстігі, Ади Шарипов және Досмұхамедов көшелері маңы;
Алмалы ауданы: Төле би, Аренский, Дүйсенов және Аносов көшелерінің қиылысы;
Жетісу ауданы: Ұйғыр, Ақпаев, Бұрхан және Колхозная көшелері аумағы.
Электр энергиясы сағат 08:00-де өшіріліп, 17:00 шамасында қайта қосылады. Себебі – қазіргі жөндеу жұмыстары.
