Алматы полициясы. Мешіт маңындағы жол қозғалысына кедергі жасауға жол берілмейді

Жарбол Кентұлы 07 жел. 2024 15:07 1149

Алматы қалалық Орталық мешіті маңындағы жағдайға байланысты Алматы полициясы тексеру жүргізіп жатыр.
Тиісті шаралар қабылданатын болады.

Сонымен қатар, Алматы қалалық полиция Департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын еске түсіріп, азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Кез келген себеппен жолды жабу жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады және ҚР ӘҚбК-нің 614-бабының талаптарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Алматы полициясы профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтті.

Мұндай деректерге жол берілмейді, олар тоқтатылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар