Freedom Inside '26

Ақтауда 5,9 мың тонна мұнайға қатысты дау қылмыстық іске ұласты

Ақтауда 5,9 мың тонна мұнайға қатысты дау қылмыстық іске ұласты
Фото: egemen.kz

Ақтау қаласында полиция 2021 жылы өңделіп кеткен шамамен 5,9 мың тонна шикі мұнайға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Polites News басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Басылымның жазуынша, “SK Petroleum” ЖШС мен “Terminalex” ЖШС арасындағы азаматтық дау күтпеген жерден қылмыстық сипат алып, сот шешімін орындамау бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруге ұласқан.

Тергеу аясында құқық қорғау органдары бірнеше тінту жүргізіп, мұнай өнімдері сақталған резервуарларды мөрлеген.

Полиция тінту барысында нақты қандай айғақтар тапқаны туралы толық ақпарат Polites News жариялаған материалда берілген.