Алматы облысының белсенді азаматтары Президент шешіміне қолдау танытуда

Dalanews 21 нау. 2020 07:11 913

 «Тәжді» вирус жер жаһанды жайлады. Ресми ақпараттарға сүйенсек, бүгінде әлемнің 155- тен астам  елінде пандемия белең алып отыр. Оның ішінде біздің мемлекетте бар.

Кесел кенеттен келгендіктен біраз елді есеңгіретті. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халқына үндеуінде "біз дүлей дауылдың алдында тұрмыз" деген болатын.

Расымен де, дүлей дауыл жер жүзін шайқап жатыр. Денсаулықты ойлап, бас сауғалап жүргенде, індет әлемдік дағдарысты да алып келді.

Елімізде төтенше жағдай орын алып, карантин енгізілді. Бұл ретте  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантинн уақытында бизнес өкілдерінің ісіне ешқандай кесір тимеу керек деп атаған болатын.

Ел басына күн туғанда ерлеріміз қарап отырмасы анық. Сол сияқты Алматы облысының белсенді азаматтары ел Президентінің сын сағатта қабылдаған шешіміне қолдау танытуда.


Солардың қатарында Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, Алматы облысының  құрметті азаматы Наурыз Қылышбайұлы да бар.



«Күшіміз бірлікте». Ұлттың басына төнген қауіпті ел болып еңсереміз. «Саусақ бірікпей ине ілікпейді» деген қазақта тәмсіл бар.  Қазақ әр қашан татулығымен тау қопарып, туын көкке көтерген. Ел бірлігі сыналған сәтте сырт қалмайық». Деген пікірде елбасқарған азамат. Ұлттың ұланының сөзінің жаны бар. Ымыраластық пен елге деген құрмет қана қандай жағдайдан болмасын жол табуға ықпал етеді. Біз бірлігіміз жарасқан ұлтпыз!.

Елдің үрейін алған инфекция әлемдік дағдарыстың орын алуына себепші болып отыр. Бірақ бұл да уақытша, «тар жол, тайғақ кешуде» табандап жүріп аяғынан тік тұрған тәуелсіз мемлекет үшін сырғып өтер сынақты еңсеру қиынға соқпайды.



Осы тұрғыда Қоғамдық кеңестің төрағасы Тойбаев Әлихан мырза елдегі жағдайға қатысты өз ойымен бөлісуде.

«Халқымыз небір сұрапыл кезеңді бастан өткерді. Біз боздақтарымыздан бозарып атқан ақ таңда айырлудың не екенін көзбен көрген халықпыз. Бұған дейінде соңғы жиырма жылдыққа көз жүгіртсек, не бір індеттерге тосқауыл қоя білдік. Ел дағадрысқа ұшырағанда қанатымызды қомдап қайта ұштық.

Қарап тұрсақ, әр бір мемлекетке қауіп төндірген оқиғалардан кейін құлдырамай, қадамымызды нық бастық. Даурығуға негіз жоқ. Керісінше бұл да қазақтың қайта еріне қонып, қыран құс қана бағындырар бір белеске шығуына түрткі болар жайыт деп қабылдаған абзал. Жаңа кезең басталғалы тұр. Жеңістер көп болсын!» деген пайымды көзқарасын білдіруде.

Шынымен де тұтас ұлтты қай жағынан болмасын шынықтыратын шара ғой. Шаршамай алға қадам жасасақ жеткілікті.

 Анар САБЫРОВА


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар