Алматы облысының әкімі төтенше жағдайға байланысты халыққа үндеу жасады

Dalanews 04 нау. 2024 18:15 2595

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жер сілкіну жағдайы бойынша шұғыл жиын өткізіп, төтенше жағдайға байланысты алматылықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазіргі уақытта аймақтағы жағдай тұрақты, бірақ жедел штаб алдағы іс-шаралар жоспарын талқылауды жалғастырып жатыр.  Өңірдегі барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, полиция бөлімі мен жедел медециналық жәрдем қызметі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 

Таулы аймақтарда қар көшкіні қаупіне байланысты сақ болып, жергілікті атқарушы органдардың нұсқауларын орындау ұсынылады.   Тұрғындарды төтенше жинау пункттері белсенді қызмет атқара береді.  Қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемелер мен жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Аймақ басшысының нұсқауымен жер сілкінісінен кейінгі ықтимал зардаптарды анықтау мақсатында облыстағы барлық ғимараттар мен құрылыстарға тексеру жүргізілуде.  Сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, қабылдау пункттерін дайындау және апаттық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдарын үйлестіру жөнінде тапсырма берілді.  Кез келген төтенше жағдайға жедел ден қою дайындығын қамтамасыз ету және облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды.

"Төтенше жағдайларға жедел назар аудару дайындығы және облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз", - деді Марат Сұлтанғазиев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар