Алматы облысында адам зорлады деген күдікті уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оны ұстау үшін арнайы "Сирена" жоспары енгізілді.
"Негізгі бағыттарда бақылау-өткізу пункттері орнатылып, барлық күш пен қаражат қашқынды тауып, ұстауға бағытталған. Сонымен бірге қашып кетудің мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Баспасөз қызметі жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін хабарлады.