Алматы облысында туристерді құтқару операциясы сәтті өтті

Асель Қайратқызы 24 қар. 2025 13:48

Талғар ауданы, Алматы облысында құтқарушылар екі туристті құтқарып қалды деп хабарлайды Dalanews.kz

Олар таңғы уақытта шыңға көтерілген, алайда уақыттарын дұрыс есептемей, түн қараңғылығында өздігінен төмен түсе алмады. Олар Қотырбұлақ  шыңында тұрғанын хабарлап, көмек сұрады.

Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары Қотырбұлақ шыңына қарай жылжып келе жатқанда, туристерді Букреева шыңында тапты.

Құтқарушылардың жылдам әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында екеуі де 3 000 метрден жоғары биіктен қауіпсіз төмен түсірілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар