Алматы облысында жасөспірім мұзға түсіп, қаза тапты

Көркем Алдабергенова 03 қаң. 2026 12:23

Алматы облысында қайғылы оқиға болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Үмбетәлі ауылындағы су айдынында ойын ойнап жүрген төрт жасөспірім мұздың үстіне шыққан. Алайда мұздың жұқалығы салдарынан олардың барлығы суға түсіп кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жеткен. Алғаш болып көмекке келген балықшы үш баланы судан аман алып шыққан. Төртінші жасөспірімді құтқару мүмкін болмады. Оның денесін кейін сүңгуірлер судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құтқарушылар азаматтарды мұздың беріктігіне көз жеткізбей, су айдындарына шықпауға шақырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар