– Экономикадағы тұрақты өсу, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және қабылданған әлеуметтік қолдау шаралары халықтың табыс деңгейін сақтауға, жұмыссыздықтың белең алмауына мүмкіндік берді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 60 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар тартылды, – деп атап өтті Амандық Баталов.
Сондай-ақ 251 мың адам жалпы сомасы 10,3 млрд теңге әлеуметтік көмек алған.