Алматы облысында бір топ жігіт ер адамды соққыға жығып кеткен

Көркем Алдабергенова 09 сәу. 2026 11:02

Алматы облысында бір топ жігіт ер адамды соққыға жығып кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада бір топ жігіт ер адамды соққыға жығып, тепкілеп кеткені көрсетілген. 

Бұл жайтқа қатысты Алматы облыстық полиция департаменті жауап берді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында оқиғаға қатысы барлар мен куәгерлердің барлығы анықталған. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысы бақылауда, оның нәтижесі бойынша барлық қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove