Алматы облысында атаулы әлеуметтік көмекке 7,1 млрд теңге бөлінді

Dalanews 25 там. 2022 17:01 894

Күнкөріс деңгейі төмен әлеуметтік осал топ өкілдері үшін мемлекет арнайы көмек түрінде қарастырған. Солардың бірі ел арасында кеңінен тарағаны – атаулы әлеуметтік көмек.

Алматы облысында 1 451 999 адам АӘК алушылар қатарында. Бұл өңір халқының 3,2%-ын құрайды.

Биылғы жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 7,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 5,7 млрд теңге, жергілікті бюджеттен –1,4 млрд теңге, жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру 20%-ды құрап отыр.

Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Алматы облысындағы 8 688 отбасы, яғни 46 869 адам атаулы әлеуемттік көмек алған. Оларға жалпы сомасы 2 млрд 732,2 млн теңге төленді.

Естеріңізге саламыз, АӘК алушы отбасыға Үкіметтің қосымша кепілдендірілген әлеуметтік пакеті береді. Аталмыш көмек түріне республикалық бюджеттен  – 1,0 млрд жергілікті бюджеттен – 62 млн теңге жалпы саны 1,1 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде, үстіміздегі жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 12 150 бала 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі.

– Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Алматы облысы бойынша АӘК алушылар қатарында 12 861 адам еңбекке жарамды болып табылады, оның ішінде 7 576 адам өтініш берген кезде жұмысқа орналасқан, 1401 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған. 1204 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 129 адам уақытша жұмыспен қамту шараларына жіберілген, 30 адам әлеуметтік көмек алуға жіберілген жұмыс орындары, 33 адам оқуға жіберілді, 4 адам жастар практикасына жіберілді, 1 адам кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдем көрсетілді, – дейді Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек және мүгедектерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы Сырым Сәрсебеков.

Айта кетейік, биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда АӘК тағайындау 16%-ға азайды. Алайда, облыстың кейбір аудандарында АӘК алушылардың саны артқаны байқалады. Осыған байланысты аудандар бөлінісінде АӘК тағайындау мониторингі жүргізілді.  Нәтижесінде АӘК тағайындау Қарасай ауданында –12%-ға, Балқаш ауданы 7%-ға, Жамбыл ауданы – 4%ға ұлғайғаны анықталды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар