Алматы облысында 835,4 мың шаршы метр тұрғын үй берілді

Dalanews 11 қар. 2021 12:30 770

Алматы облысында құрылыс саласында «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша биылғы жылы бір млн. шаршы метр тұрғын үйді салу жоспарланған, соның 835,4 мың шаршы метрі пайдалануға берілді. Бұл жайында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңындағы брифинг кезінде айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, қазіргі кезде 1824 пәтерлі 271 тұрғын үй салынуда, соның ішінде 741 пәтерлік 121 тұрғын үйге тұрғындар қоныстанып үлгерді.  Сонымен қатар, жекеменшік құрылыс ұйымдары 952 пәтерлік 13 үй салып, іске қосты.

Бүгінгі таңда 1307 отбасы пәтер алды, оның ішінде 327-сі көпбалалы және әлеуметтік тұрғыда осал отбасылар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар