Жеті өзені тоғысқан өлкеде, жауырыны жерге тимеген ұлттың ұландарын шыңдау мақсатында түрлі спорттық шаралар жүзеге асуда. Ал, кіл жүйріктер топ жаратын аламанға саңлақтарды дайындау үшінде, аранайы «Алтын орда» құрылуы тиіс. Бұл ретте, өңір басшылығы нысанадан мүлт кетпеді.
Оғландардың басын бір арнаға тоғыстыру мақсатында, 2019 жылдың наурыз айында Алматы облысының жауынгерлік өнер қауымдастығы құрылған-ды. Аталған бірлестікке 16 облыстық спорт федерациялары кіреді. Бір шаңырақтың астында топтастырылған спорттық ұжым жүйелі істер атқарып келеді. Соның бір дәлелі, 2019 жылы мамыр айында облыстық жауынгерлік өнер фестивалін ұйымдастырғанын атап айтуға болады. Бұған барлық 16 федерация қатысқан болатын.
Айналасы екі жылдың ішінде Алматы облысындағы жауынгерлік өнер ассоциациясындағы спорт түрлері бойынша топ жарған спортшылардың жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай.
– Біздің сайып қырандарымыз, осы уақыт ішінде Азия ойындарынан 2 алтын, 3 қола медаль. Әлем чемпионаттарынан 78 алтын, 54 күміс, 57 қола жүлде, Азия чемпионаттарында 63 алтын, 17 күміс, 21 қоланы қанжығаға байлады. 85 спортшы халықаралық деңгейдегі спорт шебері. 115-і ҚР спорт шебері дәрежесінге жетіп отыр, – дейді Алматы облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығының жетекшісі Айдос Әбілмәжінұлы.
Аймақта, спорт саласына қажетті көңіл бөлінуде. Оның айқын көрінісі, елді мекендерде заманауи кешен құрылысының бастау алуы. Кезедесу барысында Рустам Али:
– Облысымыздың барлық аудандарда дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Бүгінде оның саны 11-ге жетті. Тағы бесеуі биылғы жылы қолданысқа беріледі. Облыстық спорт басқармасының ұсынысымен 8 шағын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланған. Мұндай нысан халық саны 3 мыңнан асқан шалғай ауылды мекендерде бой көтереді. Алдағы таңда осы бағытта жұмыс жасалына береді, – деп айтты.
Елімізде жауынгерлік өнерден бөлек, атадан балаға мұра болып қалған ұлттық құндылығымыз, қазақ күресін республикалық және халықаралық аренада дамыту жұмысыда жолға қойылған.
Аталған межені бағындыру мақсатында «Қазақ күресі» федерациясы құрылды. Сондай-ақ, «Қазақ күресі» қауымдастығынының Президенті Кәрім Мәсімовтың қолдауымен «Қазақ күресі академиясы» есігін айқара ашқан еді. Осы арқылы спорт саласында, ғылыми-практикалық базаны нығайтып, мамандардың біліктілігін арттыру көзделген.
Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру қазақстандық қоғамдық даму» иниститутымен бірлесе отырып, «Қазақ күресі» арнайы тұжырымдамасы дайындалғанын атап өткен жөн. Жоба, ұлттық күресті насихаттау арқылы, қазақ халқының бірегейлігін сақтап, әлемдік деңгейде Қазақстанның оң иммеджін қалыптастыруға бағытталған.
Ұлттық спорттың беделін көтеруге арналған іс-шаралар легі мұнымен толастар емес. Ағымдағы жылы алғаш рет, «Үздіктердің үздігі!» атты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кубогы үшін сайыс ұйымдастырылады. Аталған дода да 8 салмақ дәрежесінде спортшылар бақ сынайды. Солайша, еліміздің бас палуаны анықталады.
Жиын барысында, Алматы облысында «Бөрі» атты қазақ күресі федерациясы, қоғамдық бірлестігі құрылғаны тілге тиек етілді. Бірлестік 2013 жылы 25 сәуірде заңды түрде тіркелген. Бүгінгі күні федерацияда 1500-ден астам спортшы тіркелген. Қазірде 56 жаттықтырушы жұмыс істейді, оның 4-і жоғары санатты. Жалпы облыс бойынша, 17 аудан, 2 қалада қазақ күресі бөлімдері жұмыс істейді. Олардың барлығы арнайы жабдықтармен қамтылған. Бұл ретте, облыстық спорт басқармасының жан-жақты қолдау білдіретіндігін баса айтқан абзал.
Алқалы отырысқа арнайы келген, «Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы» және «Қазақ күресі» қауымдастығының бас директоры Абат Саматұлы, қаладағы спорт нысандарының жағдайына жоғары деңгейде баға беріп, аймақ әлеуеті туралы сөз қозғады.
– Мен Талдықорғанға араға он жыл салып келіп отырмын. Шаһар көрікті түрде дамыған. Көрсең көзің тояды. Бірқатар. спорттық нысандардың бой көтергені спортшы қауым үшін үлкен қуаныш. Өңір халқына, әсіресе жастардың жан-жақты жетілуіне ықпал етіп оытрған облыс басшылығына алғысымды білдіремін. Спорттың қай түрі болмасын ерекше. Соның ішінде біздің ұлтымыздың қанымен біте қайнасқаны қазақша күрес. Бұл біздің мақтанышымыз, – деп түйіндеді Абат Имамбаев.